16
март
2026
16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық тағамдар фестивалі» атты көрме және қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналар қазақтың дәстүрлі тағамдарын таныстырып, олардың дайындалу ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылып, шеберлердің еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді насихаттау, ата-баба мұрасын құрметтеуге баулу және ұлттық тағамдар мен қолөнердің құндылығын таныту. Фестиваль жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.