25
февраль
2022
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясындағы "Ұлттық қиім" күні
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Ең әдемі киім үлгісімен әдемі күнді бастауға себеп болан № 2 Аспара ЖОББМ- де жүргізіліп жатқан "Дәстүр мен ғұрып" жобасы. Ұлттық киім кию еліміздің мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты. Әрбір халық үшін өзінің болмыс-бітімін айқындайтын ұлттық киімдерін ұлықтау, оның өзіндік ерекшелігін сақтау, дұрыс киіну әдебін білу маңызды. Ұлттық киім үлгісімен ұлттық болмысымыздан алыстамауға үлесін қосқан мектебіміздің ата- аналарына алғыс білдіреміз