«Dombyra party» шарасы
Қазіргі заманда ұмыт болып бара жатқан және өзектілігін жоймаған дәстүрлер мен ғұрыптарды адамгершілік, тәрбиелік құндылықтар тұрғысынан жаңғырту, күнделікті қолданысқа енгізу, қазақ ұлттық өнері, дәстүрлерінің, ұлттық тағамдарының ерекшеліктері мен құндылықтарын танымал ету мақсатында 2021-2022 оқу жылында жүзеге асырылып жатқан «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында апта әр күні түрлі танымдық шаралар ұйымдастырылады. 22 ақпан-сейсенбі күні «Dombyra party» шарасы музыка пәнінің мұғалімі М. Қалжанованың ұйымдастыруымен оқушы уақытын тиімді пайдалануы үшін үзіліс уақытында өткізілді. Іс-шараға ұлттық аспап- домбыраға құмар оқушылар қатысты.
Бабалы Динара
11-сынып оқушысы