29
апрель
2022
2022 жыл- «Балалар жылына» орай «Бүгіннің баласы, болашақтың данасы» тақырыбында №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде аймақтық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге №2, №6, 11, №28 мектептерден төрт фракция ойынға қатысты.
2022 жыл- «Балалар жылына» орай «Бүгіннің баласы, болашақтың данасы» тақырыбында №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде аймақтық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге №2, №6, 11, №28 мектептерден төрт фракция ойынға қатысты. Ойынның бірінші айналымында «Кітап, баспасөз беттерін электронды нұсқада оқу дұрыс деп есептейді» деген қарар ұсынылып, нақты аргументтер мен дәлелдемелер ұсынған №2 Аспара ЖОББМ-нің «Алау» фракциясы мен №28 ЖОББМ-нің «Жас ұлан» фракциясы басымдылық танытты. «Қазіргі жастарды патриот деп есептейді» қарары бойынша ойын «Алау» фракциясы мен «Жас ұлан» фракциясы, №6 ЖОББМ-нің «Жас қыран» фракциясы мен №11 ЖОББМ-нің «Жас қанат» фракциясы арасында жүргізілді. Ойын нәтижесі бойынша №2 Аспара ЖОББМ-нің «Алау» фракциясы І орын, №28 ЖОББМ-нің «Жас ұлан» фракциясы ІІ орын иеленсе, №6 ЖОББМ-нің «Жас қыран» фракциясы мен №11 ЖОББМ-нің «Жас қанат» фракциясы ІІІ орын алды. Ойын барысында шеберлік танытқан «Алау» фракциясының спикері А. Қуанышбек пен «Жас ұлан» фракциясының спикері Н. Тұрысбай «Үздік спикер» номинациясын иеленді.