13
февраль
2020
«Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі» ашық есік күні.
13 ақпан күні "Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі" тақырыбындағы ашық есік күні ұйымдастырылды.Мақсаты:Мектеп оқушыларының бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыру жұмысымен таныстыру,дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына тигізер әсері туралы мілімет беру,ата-аналарды мектеп жұмысына белсене араласуға шақыру.Іс-шараның жоспары жасалып,келген ата-аналар тіркелді.Шараға 26 ата-ана қатысты.Мектеп директоры Б.К.Мамырбаевтың алғы сөзінен кейін ата-аналар бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтану сәтіне қатысып,асхана жұмысымен танысты.
Медбике Р.Абдрахманова "Дұрыс тамақтану ережесі" тақырыбында баяндама жасап ,дұрыс тамақтанбаудың адам ағзасына тигізер зияны мен дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы түсіндірді.ДОІЖО М.Д.Мусаева "Зиянды тағамдар" тақырыбындағы бейнероликпен таныстырды.Әлеуметтік педагог Ә.Серікбаев ата-аналардан тамақтандыру сапасына қатысты сауалнама алды.