«Дәрумендер жыл бойы»
2026 жылдың 13 ші қаңтар күні Аспара жалпы орта білім беретін мектептің 1-сыныбында «Дәрумендер жыл бойы» тақырыбында жоспарлы тәрбие сағаты өткізілді. Аталған тәрбие сағатын 1-сынып жетекшісі Б.Тәжиева ұйымдастырып, өткізді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына дәрумендердің адам ағзасы үшін маңызын түсіндіру, дұрыс және пайдалы тамақтану дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Сонымен қатар, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, сөздік