«Дәрумендер жыл бойы» » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2026

«Дәрумендер жыл бойы»


2026 жылғы қаңтар айының 19 күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектептің 4-сыныбында «Дәрумендер жыл бойы» тақырыбында жоспарға сәйкес тәрбие сағаты өткізілді. Аталған іс-шараны 4-сынып жетекшісі Сатылғанова Ж. Жаксылыкова Д. ұйымдастырып, өткізді.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға дәрумендердің адам ағзасындағы маңызын тереңірек түсіндіру, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты сақтау және нығайту жолдарын үйрету. Сонымен қатар, оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау көзделді.

Іс-шара барысында оқушылар дәрумендердің негізгі түрлерімен (А, В тобы, С, D, Е), олардың адам денсаулығына тигізетін пайдасымен және жетіспеу салдарымен танысты. Мұғалім дәрумендердің табиғи көздері – жеміс-жидектер, көкөністер, сүт өнімдері, ет және балық тағамдары туралы жан-жақты мағлұмат берді. Сонымен қатар, дәрумендерді жыл мезгілдеріне байланысты дұрыс тұтынудың маңызы түсіндірілді.

Тәрбие сағаты көрнекі құралдар, суреттер, слайдтар және танымдық бейнематериалдар арқылы жүргізілді. Оқушылар «Пайдалы және зиянды тағамдар», «Қай дәрумен қай тағамда бар?» сияқты тапсырмалар орындап, сұрақ-жауапқа белсене қатысты. Топтық жұмыстар ұйымдастырылып, әр топ өз ойларын еркін жеткізді.

Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Олар өз күнделікті тамақтану әдеттерімен бөлісіп, пайдалы тағамдарды тұтыну қажеттігі туралы пікірлерін білдірді. Бұл тәрбие сағаты оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, алған білімдерін өмірде қолдануға бағыттады.

Қорытынды бөлімде оқушылар дәрумендерді жыл бойы үздіксіз қабылдаудың денсаулық үшін маңызы зор екенін түсініп, салауатты өмір салтын ұстануға қорытынды жасады. Тәрбие сағаты тәрбиелік және танымдық тұрғыдан өз мақсатына жетті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив