Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 544 қаулысы
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 544 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты:
1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға;
2) білім беру ұйымында болған кезеңде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыруға;
4) мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуға;
Қаржылық көмек көрсету осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады.
Қаражатты жұмсаудың басым бағыты білім беру ұйымында болған кезеңде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары әрбір білім алушы мен тәрбиеленушіге киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемін қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне сәйкес ақшалай нысанда жүзеге асырылады, қаражаттың нысаналы пайдаланылуы олар сатып алынған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына міндетті түрде құжаттамамен (төлем туралы түбіртектер, чектер, фото) расталады.
Жергілікті өкілді органдар қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздеуге құқылы.
Қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алу, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысу, сондай-ақ қосымша сабақтар ұйымдастыру осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге де қолданылады.
Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен және тәрбиеленушілермен қосымша сабақтар ұйымдастыруды мемлекеттік білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және телекоммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген материалдық көмек заңнамада белгіленген кепілдік берілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов | |
Қазақстан Республикасы | ||
Мемлекеттік білім беру | ||
әлеуметтік көмек алмайтын, жан | ||
балаларға, ата-анасының | ||
Ұйым басшысы | |
______________________ | |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ | |
(өтініш берушінің (тегі, аты, | |
_______________________ | |
(үйінің мекенжайы) | |
_______________________ | |
(ұялы тел., Е-mail) |
Сізден ___________________________________________________________
(себептер көрсетіледі) байланысты
_______________________________ сыныптың білім алушысы, тәрбиеленушісі
__________________________________________________________________
түрінде (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________ қаржылық/материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын.
Киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алғанда оларды сатып алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаражаттың нысаналы жұмсалғанын растайтын құжаттарды ұсынуға келісемін.
Жалған ақпарат пен анық емес (жалған) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
"____" ________________ ___________________ ______________
(күні) (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК