29
ноябрь
2021
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жұмысының қорытындысы
29 қараша күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша бракераждық комиссия мүшелері мектеп асханасын, тамақдану жағдайын, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау үшін тексеру жүргізді. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі толтырылды. Тексеріс барысында ауыз су режимі, бақылаудағы тағамдардың болуы, асханалық аспаптардың дұрыс сақталуы, тоңазытқыш жабдығының санитарлық жағдайы тексеріліп, тамақ порциялары өлшенді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер ескертіліп, қалпына келтірілді.