11
декабрь
2024
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия мүшелері 11 желтоқсан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, дайын өнімнің сапасы, күнделікті мәзірдің перспективалық ас мәзіріне сәйкестігі, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, өнімдерді сақтау шарттарының сақталуы, ас блогының жай күйі, тауар көршілестігінің сақталу жайы қаралды. Нәтижесінде тамақ өнімдерінде жарамдылық мерзімдерінің болуы және сақталуы бойынша тұшпара өнім жеткізушілердің алып келген этилен пакетімен тоңазытқышта сақталып тұрғандығы, буфеттік өнімдердің кешегі күнмен пісірілгендігі анықталды. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Асханадағы жүргізілген тексеру сарапталып, ұсыныс берілді. Түзету бойынша жұмыстар аспазшыларға ескертіліп, жұмыс күні ішінде жой ылды.