Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссиясы жұмысының қорытындысы
2025 жылдың 07 ші қараша күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия (бракераждық) мүшелері тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделді, Ауа температурасын өлшеу құралы бар, азық-түліктің келу күні мен оны пайдалану мерзімі жайлы ақпарат құрастырылған. Болжам менюі бар, тамақ салмағы көрсетілген, күнделікті меню директормен бекітілген, күнделікті тамақ ас мәзірімен дайындалған. Балаларды тіркеу журналы бар, дайын өнімнің бағасы жақсы. Сыныптың тізімі жасалынып кестесі бекітілген, асхана тазартылып тұрады. Мектеп асханасының жағдайы талаптарға сай. Білім алушылар қол кептіргіш пайдаланады. Өнімдерді сақтауға арналған арнай қоймалар бар. Арнайы киімдерді сақтауға арналған бұрыш санитарлық талаптарға сай келеді. Дайын өнімнің бағасы жақсы. Тағамның тәуліктік сынамасы жүргізіледі, сақтау ережесі нормаға сай. Алайда, тексеру барысында келесі кемшіліктер анықталды: тоңазтқыштарда тамақ өнімдеріне жарамдылық мерзімінің болмауы, түскен өнімді өткізу мерзімі дұрыс келмеді. Түзету бойынша жұмыстар азпазшыларға ескертілді. Аталған кемшіліктерді бес жұмыс күн ішінде түзетілуі тапсырылды.