Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 326 қаулысы
"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 326 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 487-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшеріне, көздеріне және оны беру түрлеріне сәйкес мектепте бір мәрте тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлері:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте тамақтандыру нормалары әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне, түрлеріне 15-қосымшаға сәйкес белгіленеді.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген мөлшерге 15-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 326 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
15-қосымша
Атауы | Мектеп жасындағы бір балаға норма | ||
6 (7)-10 жас | 11-14 жас | 15-18 жас | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Өнімдер | |||
бидай ұны | 4 | 5 | 7 |
қара бидай-бидай наны | 20 | 35 | 40 |
қалыпты бидай наны | 3 | 4 | 5 |
кептірілген нан | 2 | 2,3 | 3 |
макароны, бұршақ, жарма | 26 | 35 | 42 |
картоп | 42 | 50 | 57 |
көкөніс және басқа көкөністер | 84 | 100 | 118 |
жаңа піскен жеміс | 100 | 100 | 100 |
жеміс шырыны | 33 | 33 | 33 |
кептірілген жеміс (құрғақ итмұрын) | 1 | 1 | 1 |
қант | 7 | 8 | 9 |
бал | 5 | 5 | 5 |
ет (сиыр еті) | 61 | 73 | 80 |
құс еті | 28 | 33 | 40 |
жаңа ауланған балық | 22 | 26 | 28 |
сүт, қышқыл сүт өнімдері | 106 | 107 | 108 |
сүзбе | 12 | 14 | 16 |
сүзбеше | 50 | 50 | 50 |
ірімшік | 2 | 3 | 3 |
сары май | 5 | 6 | 8 |
жұмыртқа | 1 | 3 | 3 |
өсімдік майы | 11 | 14 | 15 |
кисель | 4 | 4 | 4 |
картоп крахмалы | 2 | 2 | 2 |
йодталған тұз | 1 | 1,5 | 2 |
лимон қышқылы | 0,2 | 0,2 | 0,2 |