11
декабрь
2024
Дұрыс тамақтанудағы жемістер мен көкөністердің маңыздылығы
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 11 желтоқсан күні биология пәнінің мұғалімі Г.Альжанова "Дұрыс тамақтанудағы жемістер мен көкөністердің маңыздылығы" тақырыбында 7 сыныптармен ақпараттық сағат өткізді. Балалардың дұрыс тамақтануы, көкөністерді, жемістерді және басқа да пайдалы өнімдерді пайдалану қажеттілігі туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту. Салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде рационалды тамақтану туралы түсінік берілді.
