«Дұрыс тамақтанудағы жемістер мен көкөністердің маңыздылығы»
14 желтоқсан күні 8а және 8ә сыныбымен «Дұрыс тамақтанудағы жемістер мен көкөністердің маңыздылығы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Медбике Р. Абдрахманова жеміс-жидектер мен көкөністердің тамақ рационындағы маңыздылығы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Биология пәнінің мұғалімі Г. Альжанова мен 10 а сынып оқушысы Тұрар Ақбөпенің ұйымдастыруымен жемістер мен көкөністердің адам организміне ұқсастығы және сол организмнің жұмысын жақсартудағы рөлі туралы бейнеролик көрсетілді. Берілген ақпаратқа байланысты оқушылар өз ойларын ортаға салды. Шығармашылық тапсырма ретінде екі сыныпқа адам организміне ұқсайтын жемістер мен көкөністер туралы бейнематериал немесе түсіндірме суреттер жасау тапсырылды. Жұмыстардың нәтижесі келесі аптада қаралады. Тапсырманы орындау барысындағы креативті ойлау мен шығармашылық қабілет деңгейі ескеріледі. Үздік жұмыс нәтижесі марапатталады.