18
ноябрь
2022
"Тамақтану мәдениеті" тақырыбындағы тәрбие сағаты
18 қараша күні "Тамақтану мәдениеті "тақырыбында 3"Ә" сынып жетекшісі Н. Жунисова тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында мектеп асханасына саяхат жасап, тамақтану барысында сақталуы тиіс мәдениет туралы ақпарат берді. Дастарқан басындағы адамның өзін-өзі ұстау әдебі туралы сұрақтар қойылып, оқушы ойы тыңдалды. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, оларды пайдаланудың тиімділігін түсіндірді. Дұрыс тамақтанудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы да айтылды.