07
октябрь
2021
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
7 қазан күні 5а сыныбында сынып жетекшісі Ж. Мұратбаеваның ұйымдастыруымен "Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында "Үстел басындағы мәдени мінез-құлық ережесі денсаулыққа қалай әсер етеді ?" деген проблемалық сұрақ төңірегінде оқушы ойын ортаға салудан басталып, асқа, дұрыс тамақтануға байланысты нақыл сөздердің мағынасы талқыланды. Топқа бөлінген оқушылар тақырып аясында түсінгендерін бірлесе қорғады.