30
январь
2023
Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау
30 қаңтар күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беруші педагог А.Касимованың және 9 -сыныптың жетекшісі Г.Тұрғынбаеваның ұйымдастыруымен "Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: мамандық туралы түсінік беру, өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу. Оқушылар мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек екендігін түсініп, ойларымен бөлісіп, пікіралмасты.