"Денсаулық-зор байлық" тақырыбында мектеп мейірбикесімен әңгіме » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Денсаулық-зор байлық" тақырыбында мектеп мейірбикесімен әңгіме
10
июнь
2025

"Денсаулық-зор байлық" тақырыбында мектеп мейірбикесімен әңгіме

"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің балаларымен, мектеп мейірбикесі Әбдырахманова Р. "Денсаулық-зор байлық" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Адам үшін ең басты байлық-денсаулық екенін атап өтті. Деніміз сау болса, оқуға, еңбек етуге, өмір сүруге күшіміз жетеді. Осы орайда, мектебімізде балалармен мектеп мейірбикесінің қатысуымен пайдалы, әрі танымды кездесу өтті. Кездесу барысында, мейірбике балаларға кенеден қорғану жолдарын түсіндіріп, нақты мысалдар келтіре отырып, қауіпсіздік шараларын үйретті. Балалар интерактивті түрде сұрақ қойып, белсене қатысты. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, тазалықты ұстану және жаз мезгіліндегі денсаулыққа қауіп төндіретін жайттар туралы да сөз болды. Мейірбике балаларға санитарлық-гигиеналық талаптар туралы  айтып, қарапайым қол жуу, таза киіну, таза ауада серуендеу, сынды дағдылардың маңызын атап өтті. Әңгіме өте қызықты өтті, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап ала алды. Мақсаты: Балаларға жеке бас гигиенасы мен аурулардың алдын алу жолдарын үйрету, кенеден қорғану, тазалық сақтау, дұрыс тамақтану мен денсаулықты күту маңыздылығын ұғындыру. Қорытынды: Бұл кездесу балаларға денсаулықты сақтау жолдары жайында ақпарат беріп, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйретті. Осындай шаралар балалардың сана-сезімін арттырып, өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыптастырады. Мектеп мейірбикесі: Әбдырахманова Р.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив