24
февраль
2022
№ 2 Аспара ЖОББМ- де "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында оқушының үзіліс уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д. Абдиновтың ұйымдастыруымен "Асық party" өтілді.
№ 2 Аспара ЖОББМ- де "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында оқушының үзіліс уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д. Абдиновтың ұйымдастыруымен "Асық party" өтілді. Әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. 6 "а,ә" сыныптарының үлкен қоңырау кезіндегі бас қосуы да асық ойынын ойнаумен жалғасты. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа әрі бой жазып, үзіліс уақытын тиімді жоспарлауға бағытталған. Асық ойынының "алаңдағы" түрі "Шеңбер" ойыны бойынша асық ату шеберлері: 6 "а" сынып Елеусіз Ералы және Қуанышбай Рамазан. 6 "ә" сынып Амангелді Алтай.