26
октябрь
2019
«Дұрыс және тиімді тамақтану- денсаулық негізі» тақырыбындағы онкүндік
16 қазан мен 25 қазан аралығында Дүниежүзілік тамақтану күніне орай тиімді тамақтануды насихаттау мақсатында онкүндік ұйымдастырылды. Онкүндік барысында «Ас- адамның арқауы» тақырыбында 2-4 сыныптарда тәрбие сағаттары мен 8а сыныбында «Тамақтана білу- денсаулық кепілі» тақырыбында сабақтар өткізілді. 5-6 сыныптарда «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқушылар ойы ортаға салынды. 9 – сыныппен «Тиімді тамақтанудың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Онкүндік соңында «Тағамға балалардың көзқарасы» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Мектеп медбикесі Р. Абдрахманова мен психолог А. Оспанова сауалнама қорытындысын шығарып, мониторинг жасады