13
март
2020
«Сен дұрыс тамақтана білесің бе?» дөңгелек үстел
12 наурыз күні 8-10 сыныптың қызбалаларымен «Сен дұрыс тамақтана білесің бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты- өтпелі кезеңдегі қыздардың проблемасы, дұрыс тамақтану қағидаты, артық астың адам ағзасына зияны сияқты сұрақтарды талқылау, проблеманы анықтау, шешу жолын қарастыру, бағыт беру болатын. Мектеп медбикесі Р. Абдрахманова «Тамақтанудың алтын ережесі» тақырыбында баяндама оқып, мәлімет берді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Д. Мусаева «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыбында бейнероик көрсетіп, оқушылардың талқысына салды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар, әсіресе, артық салмақ жинамау үшін қалай тамақтану керектігі жайлы сұрақтар қойды.