05
апрель
2021
№2 Аспара жалпы орта білім беретіін мектебінде бір мезгіл ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді
2020-2021оқу жылында мектепте 34 білім алушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі тиіс еді. Алайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы "Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру" жөніндегі #345 бұйрығына сәйкес мектепте асхана жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. ІҮ тоқсаннан бастап " ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 желтоқсандағы #67 қаулысының 46-қосымшасын басшылыққа ала отырып, асхана жұмысы ұйымдастырылды. Талаптар сақталған мектеп асханасы жұмыс істеуге дайын.