Тамақтанусапасына мониторинг жүргізужөніндегі (бракераждық) комиссиясы жұмысының қорытындысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия мүшелері 15 қаңтар күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, дайын өнімнің сапасы, күнделікті мәзірдің перспективалық ас мәзіріне сәйкестігі, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, өнімдерді сақтау шарттарының сақталуы, ас блогының жай күйі, тауар көршілестігінің сақталу жайы қаралды. Нәтижесінде ауыз су режимінің ұйымдастырылу уақыты, асхана және ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай-күйі, асхананың санитариялық жай-күйі анықталды. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Асханадағы жүргізілген тексеру сарапталып, ұсыныс берілді. Түзету бойынша жұмыстар аспазшыларға ескертіліп, жұмыс күні ішінде жойылды.