"Фастфуд дегеніміз не?"
2026 жылдың 23 ақпан күні мектебімізде 5–9 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен «Фастфуд дегеніміз не?» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараны Г.Альжанова мен А.Тажиева жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты – ата-аналарға фастфуд тағамдарының адам ағзасына әсері туралы түсінік беру, дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру және оқушылардың денсаулығын сақтауда ата-ананың рөлін арттыру болды.
Іс-шара барысында фастфудтың түрлері, оның құрамы, жиі пайдаланудың зиянды тұстары туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар пайдалы тағамдар мен дәруменге бай ас түрлерін тұтынудың артықшылықтары түсіндірілді. Ата-аналармен пікір алмасу жүргізіліп, сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ата-аналар балаларының дұрыс тамақтануын қадағалаудың маңыздылығын атап өтіп, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болды.
Қорытындысында, салауатты өмір салтын ұстану – әр отбасының басты міндеті екендігі айтылып, алдағы уақытта осындай тағылымы мол кездесулерді жалғастыру ұсынылды.