"Денсаулық-зор байлық" дөңгелек үстел
2026 жылдың 15 сәуір күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 7–8 сынып оқушылары арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, жеке бас гигиенасын сақтау дағдыларын дамыту және зиянды әдеттердің алдын алу болды.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар денсаулықты сақтау жолдары, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, спортпен шұғылданудың пайдасы туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, темекі, алкоголь және басқа да зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін кері әсері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, тақырып аясында пікір алмасып, өзара сұрақ-жауап арқылы білімдерін толықтырды. Қатысушыларға түрлі жағдаяттық сұрақтар қойылып, олардың ойлау қабілеті мен көзқарастары сараланды.
Дөңгелек үстел соңында оқушыларға денсаулықты сақтау – әрбір адамның басты байлығы екені түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.