Көркем-эстетикалық әдістемелік бірлестігі айлығы барысында өткізілген іс-шаралар » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көркем-эстетикалық әдістемелік бірлестігі айлығы барысында өткізілген іс-шаралар
15
апрель
2026

Көркем-эстетикалық әдістемелік бірлестігі айлығы барысында өткізілген іс-шаралар

   N2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде көркем-эстетикалық әдістемелік бірлестігінің айлығы аясында «Дәрумендер – тіршілік көзі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға дәрумендердің адам ағзасындағы маңызы туралы түсінік беру, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
     Шара барысында қатысушылар дәрумендердің түрлері (A, B, C, D және т.б.), олардың ағзаға тигізетін пайдасы, қандай тағамдардың құрамында кездесетіні туралы мәлімет алды. Сонымен қатар түрлі ойындар, сұрақ-жауап сайыстары, топтық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Қатысушылар көкөністер мен жемістердің пайдасы туралы өз ойларын ортаға салып, пайдалы тағамдарды күнделікті тұтынудың маңыздылығын түсінді. Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті.
Қорытындылай келе, бұл шара оқушылардың денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастырып, дұрыс тамақтанудың маңызын арттыруға ықпал етті.Іс-шара соңында белсене қатысқан топтар марапатталды. Ұйымдастырушы: көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Касимова А, Малдыбаева С
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив