14
февраль
2022
"Тамақтанудың физикамен байланысы"
Халқымыз әрқашан да денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін дұрыс тамақтана білу қажет. Бұл аптада да "Дұрыс тамақтану" челенджі 8-сыныптар арасында жалғасын тапты. "Организм үшін маңызды химиялық элементтер" тақырыбындағы химия пәні бойынша тапсырманың орындалуы тексерілді. Үздік жұмыс көрсеткен 8 "а" сыныбы 1 ұпайға ие болды. Келесі кезекте физика пәнінің мұғалімі Ә. Серікбаев "Тамақтанудың физикамен байланысы" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарынан соң 8 "а" сыныбына "Энергияны көп бөлетін пайдалы тағамдар", 8 "ә" сыныбына "Тағамданудың физикамен байланысын зерттейтін зертханалар" тақырыбында тапсырмалар берілді. Челленджді ұйымдастырушы жаратылыстану- математика әдістемелік пән бірлестігіне алғыс білдіреміз.