28
октябрь
2022
Ашық есік күні
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2022жылдың 28 қазан күні ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың ата-аналарымен дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру барысында "Ашық есік" күні өткізілді. Әлеуметтік педагог Л.Көбелекова күнделікті тағам рационында қандай көкөністер түрлерін пайдаланатыны туралы ата-аналардан сұрақ жауап алды. Мектеп медбикесі Р.Абдрахманова тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс екенін айтты. Мектеп психологы Б.Утеходжаева ата-аналармен "Өрмекші" тренинг ойынын жүргізді. Ата-аналар асханаға кіріп, бір күндік ас мәзірімен танысып шықты.