Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
Мектеп асханасына әкімшілік тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып , кезекшілер өз міндеттерін атқарды.
Тамақтандырудың сапасын бақылау мониторинг жүргізу жөнінде комиссия құрамы құрылды. Сол комиссия құрамының мүшесі Р.Абдирахманова тамақтандырудың сапасын бақылау, күнделікті ас мәзірін дайындау, бракераж журналын, тағамдардың «С» витаминдеуін, қайнаған судың асханада болуын қадағалау жүргізді..
Техникалық қауіпсіздігін сақтап, үнемі тексеру, бақылауда ұстау, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш, электр пештерге және т.б техникалық жабдықтардың жарамдылығына асхананың толық материялдық жабдықталуын, қадағалау ДШЖО Ж.Иманбаевқа жүктелген.
Күн сайынғы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын аспазшы С.Байтленова алып отырды.
Оқушылардың тамақтануын және асхананың санитарлық жағдайын әр он күн ішінде жоспарға сәйкес комиссия мүшелері қадағалады. Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізіледі. Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орынның жабдықталуы бар.
Оқу жылында ата-аналарға «ашық есік» күндері ұйымдастырлыған. 25 қазан күні алғашқы ашық есік күні өткізілді. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың ата-аналары келіп, балалардың тамақтану мәзірімен танысып кетті. Атап айтқанда, 25 қазан күні мәзірде: бұқтырылған балық, қайнатылған қарақұмық, вафли, нан, компот, орамжапырақтан салат дайындалған болатын.