"Денсаулық-өмір негізі"
2026 жылдың 17 сәуір күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 4-сынып оқушылары арасында «Денсаулық – өмір негізі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану және жеке бас гигиенасын сақтау дағдыларын қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушыларға денсаулықты сақтау жолдары, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, спортпен шұғылданудың пайдасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Сонымен қатар, зиянды әдеттердің алдын алу және олардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы қарапайым әрі түсінікті түрде ақпарат берілді.
Іс-шара соңында оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде қорытынды жасап, пайдалы кеңестер алды.
Іс-шараны сынып жетекшілері Жаксылыкова Дана мен Сатылғанова Жамиля және әлеуметтік педагог Хасан Құралай ұйымдастырып өткізді.