Біз туралы » Страница 8 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 8
Сауалнама қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары.
09
декабрь
2025
Сауалнама қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары.
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған жиналыс мектеп инспекторы мен мектеп психологының қызметімен оқушыларды таныстырып,  психологиялық сауалнама қорытындысын жалпы түрде түсіндіру, қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылықты арттыру.Мектеп инспекторы оқушыларға мектептегі тәртіп ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы көптеген пайдалы ақпарат берді. Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары айтылды. Жиналыс оқушылардың сұрақтарына жауап берумен қорытындыланды.
Қазақтың  әйгілі әскери қолбасшысы, Кеңес Одағының  батыры Бауыржан Момышұлының  туғанына 115 жыл
09
декабрь
2025
Қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан
Қазақтың  әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында данқы  шыққан  стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай мектеп кітапханасында  8-9  сынып аралығында танымдық сағат ұйымдастырылды.9а сынып  оқушылары Бекенбай  С. және Серікбаева Ж.  8 сынып оқушыларын  Бауыржан Момышұлының өмірбаянымен және шығармаларымен таныстырып, кітаптарын оқуға ұсыныс жасады.
"Балалардағы мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне сараптамалық бағалау схемасы" (Ата-аналар)
09
декабрь
2025
"Балалардағы мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне
"Балаларды мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне сараптамалық бағалау схемасы" сызбасы ата-аналарға жүргізілді. Мақсаты:Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшеліктерін ата-аналардың көзқарасы арқылы анықтау. Баланың үй жағдайындағы эмоционалдық күйін, мектепке деген қарым-қатынасын, оқу мотивациясын, мінез-құлық дағдыларын жетілдіру. 
11-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыс
05
декабрь
2025
11-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыс
5 желтоқсан күні 11-сынып ата-аналарымен мамандық туралы мағлұмат беру, мамандық таңдаудағы қателіктерге жол бермеу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында кәсіптік бағдар беруші педагог А. Жуманбаева  мамандық таңдаудағы маңызды қадамдармен таныстырды. 2025 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша көп конкурс болған мамандықтар, жоғары оқу орындарына түсудегі шекті баллдар туралы да айтылды.  Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтар қойып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Мен өзімді қорғай аламын", тренинг
03
декабрь
2025
"Мен өзімді қорғай аламын", тренинг
Бүгінгі тренингтің тақырыбы- "Мен өзімді қорғай аламын". Мақсаты: Оқушылар арасында қауіпсіз орта құру, өз құқықтарын білуге , өз шекарасын қорғауға,қиын жағдайларда дұрыс әрекет етуге және өзіне сенімді болуға үйрету.
"Қиындықтармен күресу жолдары: салауатты тәсілдер" тренингі
25
ноябрь
2025
"Қиындықтармен күресу жолдары: салауатты тәсілдер" тренингі
Бүгін, оқушылармен "Қиындықтармен күресу жолдары: салауатты тәсілдер" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Қатысушыларға  өмірлік қиындықтарды тиімді жеңу жолдарын үйрету, стресс жағдайларында эмоционалдық тұрақтылықты сақтауға көмектесу, өз күшіне сенімділікті арттыру және мәселелерді конструктивті шешу дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, тренинг тұлғаның ішкі ресурстарын анықтап, қиындықтарға позитивті көзқарас қалыптастыруға бағытталды.
"Кел, дос болайық"
21
ноябрь
2025
"Кел, дос болайық"
21 қараша күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде "ДОСБОLIKE" бағдарламасы аясында, оқушылар арасында өзара сыйластықты, бір-біріне деген құрмет пен мейірімділікті қалыптастыру мақсатында "Кел, дос болайық" акциясы өткізілуде. Акция аясында балалар бір-біріне қолдау көрсетуді, жанашырлық танытуды, жаңа достар табуды және сынып ішіндегі жағымды психологиялық ортаны қалыптастыруды үйренеді. Бұл бастама оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін арттырып, бір-бірімен жылы, сенімді байланыс
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
17
ноябрь
2025
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
Мақсаты:  Мектеп кітапхана қорын заманауи басылымдармен толықтыру, кітап қорын молайту. Оқушылар өзара кітап алмасып, оқыған кәтаптарын бір-біріне насихаттап үйренеді. Оқырман мен кітапхана арасын нығайту.
"Балалардағы суицид қаупінің болжамдық кестесі, авторы А.Н.Волкова
17
ноябрь
2025
"Балалардағы суицид қаупінің болжамдық кестесі, авторы А.Н.Волкова
1-4 Сынып оқушылары арасында "Балалардағы суицид қаупінің болжамдық" кестесі, авторы А.Н. Волкова жүргізілді. Білім алушылар арасындағы суицидтік қауіп деңгейін ерте анықтау, психологиялық жай-күйін зерттеу және дер кезінде алдын алу мен қолдау жұмыстарын ұйымдастыру.
"Жалғыздықтың субъективті сезім деңгейін диагностикалау" әдістемесі, авторы Д.Рассел мен М. Фергюсон
13
ноябрь
2025
"Жалғыздықтың субъективті сезім деңгейін диагностикалау" әдістемесі,
"Жалғыздықтың субъективті сезім деңгейін диагностикалау" әдістемесі 10-11 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Мақсаты: Жалғыздықтың субъективті сезім деңгейін анықтау әдістемесі адамның өзін жалғыз сезіну дәрежесін, әлеуметтік қарым-қатынастарға қанағаттану деңгейін  және эмоционалдық оқшаулану сезімімн бағалау.