Біз туралы » Страница 5 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 5
№9 Меркі колледжінің мамандарымен кездесу
24
февраль
2026
№9 Меркі колледжінің мамандарымен кездесу
2026 жылдың 24 ақпан күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін  мектебінде  кәсіптік бағдар беру үшін, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында №9 Меркі колледжінің мамандары мен оқытушыдары  9 - сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында колледж түлектерінің жетістіктері  туралы  ақпараттармен бөлісіп, оқу орнына түсу үшін қойылатын талаптарымен таныстырды. 
Қазақ поэзиясының алыбы,ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаев туғанына 180 жыл – кітап көрмесі ұйымдастырылды.
23
февраль
2026
Қазақ поэзиясының алыбы,ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаев туғанына 180
 Қазақ поэзиясының алыбы,ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаев туғанына 180 жыл – кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұйымдастырған: Мектеп кітапханашысы Мақсаты:  Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Жыраудың елге,Отанға деген сүйіспеншілігін өлеңдері арқылы түсіндіру. Оқушылардың көркем оқу, мәнерлеп айту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Сыныппен оқыған бір кітап" READx  ұйымдастырылды
19
февраль
2026
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Сыныппен оқыған бір кітап"
  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Сыныппен оқыған бір кітап» READx форматындағы іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырған: Мектеп кітапханашысы Мақсаты:  Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында - "Шын жүректен кітап сыйла" челлендж ұйымдастырылды
16
февраль
2026
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында - "Шын жүректен кітап сыйла"
 «Балалар кітапханасы» жобасы аясында – «Шын жүректен кітап сыйла»челлендж   ұйымдастырылды Ұйымдастырған: Мектеп кітапханашысы Мақсаты:  Оқушылар бір-біріне құнды кітаптар сыйлап,білімге деген сүйіспеншілікті арттыруда. Әрбір тарту етілген кітап-жаңа әлемнің есігін ашып,жан дүниеге шуақ шашатын баға жетпес қазына. Бұл челлендж -тек кітап алмасу ғана емес, жақсылық пен ізгілікті дәріптеу. Кітап оқу мәдениетін дамыту, оқушыларды рухани жетілдіру.
"Мазасыздық экспресс" әдістемесі, авторы О.Н. Хмельницкая
13
февраль
2026
"Мазасыздық экспресс" әдістемесі, авторы О.Н. Хмельницкая
5-11 сыныптар аралығында "Мазасыздық экспресс" әдістемесі жүргізілді. Бұл әдістеме баланың толық деңгейін, уайымын, оқу процесіндегі өзін қалай сезінетінін, қорқыныш пен тұрақсыздық белгілерін анықтауға көмектеседі. Әдістеменің негізгі мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық жағдайын жылдам бағалау, олардың психологиялық жайлылығына әсер ететін жасырын алаңдаушылық белгілерін ерте кезеңде анықтау.
"Мен досымды құрметтеймін" Эссе
12
февраль
2026
"Мен досымды құрметтеймін" Эссе
Бүгін 5-11 сынып аралығында «Мен достықты құрметтеймін» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.  Мақсаты – оқушыларға достықтың маңызын түсіндіру, өзара сыйластық, сенім, қамқорлық сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың ойлау қабілетін, өз пікірін еркін жеткізу дағдысын дамыту және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағыттау.
Кәсіптік білім беру
09
февраль
2026
Кәсіптік білім беру
2026 жылдың  9 ақпан  күні №9 Меркі  колледжінің  жоспарына сәйкес 9 сынып  мектеп оқушылары арасында  кәсіптік білім беруді насихаттау және кәсіптік білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында « Токарлық ісі», «Ауылшарушылығын механикаландыру», «Дәнекер ісі», «Электр жабдықтары», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарымен танысу, сонымен қатар «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ашық есік күні өткізіліп, аталған мамандық бойынша шеберлік
"Поэзия алыбы - Мұқағали"  5-6 сынып арасында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды
08
февраль
2026
"Поэзия алыбы - Мұқағали" 5-6 сынып арасында мәнерлеп оқу
 «Поэзия алыбы-Мұқағали» мәнерлеп оқу ұйымдастырылды Ұйымдастырған: Мектеп кітапханашысы Мақсаты: Мұқағали Мақатаев поэзиясын дәріптеу, оқушылардың өлең сүйер қауым ретінде дүниетанымын кеңейту, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
"Дос болайық, ренжітпейік"
04
февраль
2026
"Дос болайық, ренжітпейік"
Бүгін, "Дос олайық,  ренжітпейік" тақрыбында 2 сыныптармен тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылар арасында достық, түсіністік, сыйластық құндылықтарын қалыптастыру. Бір-біріне жағымды қарым-қатынас жасауды үйрету. Топ ішінде жылы атмосфера орнату және бірлік сезімін күшейту.