Іс-шаралар » Страница 2 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 2
19 наурыз Жаңару күніне "Жаңару  - жаңа бастама" тақырыбында жоюалар байқауы ұйымдастырылды
19
март
2026
19 наурыз Жаңару күніне "Жаңару - жаңа бастама" тақырыбында жоюалар
19 наурыз – Жаңару күніне орай мектебімізде «Жаңару – жаңа бастама» тақырыбында жобалар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңашыл идеяларын қолдау және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершіліктерін арттыру болды. Іс-шара барысында оқушылар өз жобаларын таныстырып, түрлі бағыттар бойынша (экология, көгалдандыру, әлеуметтік бастамалар, инновациялық идеялар) жұмыстарын қорғады. Қатысушылар тың идеялар ұсынып, өз жобаларын нақты
18 наурыз - Ұлттық киім күні
18
март
2026
18 наурыз - Ұлттық киім күні
Мектебімізде Наурыз мейрамы аясындағы Наурызнама жоспарына сәйкес 18 наурыз – Ұлттық киім күні кең көлемде аталып өтті. Аталған күннің мақсаты – оқушылар мен ұстаздар арасында ұлттық киімдерді насихаттау, қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеу және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру. Іс-шара барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдері қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін киіп, өзара сән үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық киімдердің шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы танымдық
16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16
март
2026
16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық тағамдар фестивалі» атты көрме және қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналар қазақтың дәстүрлі тағамдарын таныстырып, олардың дайындалу ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылып, шеберлердің еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты –
15 наурыз - Қайырымдылық күні
15
март
2026
15 наурыз - Қайырымдылық күні
15 наурыз – Қайырымдылық күні. #2 Аспара мектебінің ұстаздары, тех.қызметкерлері және оқушылар атсалысып қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл күн – адамдарды мейірімділікке, жанашырлыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге шақыратын ерекше күн. Қайырымдылық – тек материалдық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар жылы сөз айтып, қол ұшын созу, жақсылық жасау арқылы қоғамда ізгілік пен бірлікті нығайту. Бұл күні мұқтаж жандарға көмек көрсету, үлкендерді құрметтеу, балаларға қамқор болу сияқты
14 наурыз - Көрісу күні
14
март
2026
14 наурыз - Көрісу күні
14 наурыз – Көрісу күні (кейде Амал мерекесі деп те аталады) — Көрісу күні қазақ халқының көктемді қарсы алып, адамдардың бір-бірімен қауышып, амандасатын ерекше дәстүрлі күні. Ол әсіресе Батыс Қазақстан өңірінде кеңінен тойланады және Наурыз мейрамы мерекесінің басталуы деп саналады.        Бұл күні адамдар ұзақ уақыт көрмеген туыс-туғанын, көршілерін аралап, қол алысып, құшақтасып амандасады. Көріскенде көбіне: «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!» деп тілек айтылады. Дәстүрлері 🤝 Көрісу –
АӘжТД пәнінің оқытушысының ұйымдастыруымен  9-10 сынып оқушылары 2026жылдың 11 наурыз күні шекера бекетінің  қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
11
март
2026
АӘжТД пәнінің оқытушысының ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары
АӘжТД пәнінің оқытушысының ұйымдастыруымен  9-10 сынып оқушылары 2026жылдың 11 наурыз күні шекера бекетінің  қызметкерлерімен кездесу өткізілді.  1. ІКездесудің мақсаты: •    Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және ҚР Қарулы Күштеріне, Шекара қызметіне деген құрметті арттыру.•    9-10 сынып оқушыларына шекарашы мамандығының қыр-сырын таныстыру, кәсіби бағдар беру.•    Мемлекеттік шекараны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және әскери-техникалық білімдерін тереңдету.2.
“Ар намыс-сарбаздың серігі”  КҚО-74 арналуы мен тактикалық техникалық сипаттамасымен таныстырылу
25
февраль
2026
“Ар намыс-сарбаздың серігі” КҚО-74 арналуы мен тактикалық техникалық
2026 жылғы 25 ақпан күні “Аспара”шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лейтенант Е. Нұрмұханов Аспара ауылының  ЖОББМ 10,11 оқушыларымен Жас шекарашылар “әскери патриоттық бағдарламасының аясында “Ар намыс-сарбаздың серігі” тақырыбында сабақ және АӘД пәні сабағы аясында КҚО-74 арналуы мен тактикалық техникалық сипаттамасымен таныстырылу өткізілді.
Жалпы  сейсмикалық жаттығу
25
февраль
2026
Жалпы сейсмикалық жаттығу
2026жылдың 25 ақпан күні «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен  сейсмикалық жаттығу өткізілді  Жаттығу үш негізгі кезең бойынша іске асырылды: Дабыл және хабарландыру: Сағат 11:00-де «Назар аударыңыз! Жер сілкінісі!» дабылы берілді. Барлық қатысушылар ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарды иеленді . Эвакуация: Екінші дабылдан кейін ұжым алдын ала белгіленген эвакуациялау жоспарына сәйкес ғимараттан ашық алаңға шығарылды. Эвакуация уақыты 2 мин 35 с құрады.
"Назар аударыңыз - балалар!" онкүндігі
25
февраль
2026
"Назар аударыңыз - балалар!" онкүндігі
«Назар аударыңыз – балалар» атты онкүндік жоспары аясында 6 ә сынып оқушыларымен С.Әбдыкадыр  «Балалардың жол-көліктен зақымдануының алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіру, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру. Қауіпсіздік  сағаты барысында жол-көлік жарақаттарының себептері, қауіпсіздік шаралары, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері туралы
"Назар аударыңыз - балалар!" онкүндігі
24
февраль
2026
"Назар аударыңыз - балалар!" онкүндігі
«Назар аударыңыз – балалар» атты онкүндік жоспары аясында 4 «А» және 4 «Ә» сыныптарында «Жол ережелері» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына жол жүру ережелерін түсіндіру, жол белгілерін танып-білуге үйрету, жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру. Сынып сағаттары барысында оқушыларға жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам сигналдарының мағынасы, жол белгілерінің түрлері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.