Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссиясы жұмысының қорытындысы
2025 жылдың 19 желтоқсан күні (бракераждық) комиссия мүшелері тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Тексеріс жұмыстарына арнайы бракераж комиссиясы басшылық етеді. Асханада тамақтануды ұйымдастыруды бақылау мақсатында бракераж комиссиясы тексеріс жүргізіп, актісі толтырылып отырады. Тез бұзылатын тағам түрінің сақталуы қатаң бақылауда, өнімдер бұзылып кетпеу үшін тоңазытқышта сақталып тұрады. Анықталған келшіліктер.Ауыз су режимінің уақыты ауыспаған, Тамақ қалдықтары 1 ыдысқа жиналған, тәуліктік сынама сақтау жағдайы жасалынбаған, буфеттің санитарлық жағдайы жасалынбаған. Түзету бойынша кемшіліктер жауапты мамандарға ескертілді. Анықталған кемшіліктер жұмыс күні ішінде түзетілсін.