Шекара бөлімшесіне экскурсия
2026 жылдың 15 сәуір күні «Жас сақшылар» тобы Аспара шекара бөлімшесіне экскурсия жасады. «Жас сақшылар» тобының Аспара шекара бөлімшесіне жасаған экскурсиясы – оқушыларды шекара қызметінің жұмысымен таныстыруға, Отан қорғау ісінің маңызын түсіндіруге бағытталған. Экскурсия барысында қатысушылар шекара қызметкерлерінің күнделікті қызметі, техникасы, тәртібі және қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет алып, әскери-патриоттық тәрбиені нығайтты.